Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі баршаңызды биылғы жылдың қыркүйек айында өтетін алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне орай ұйымдастырылатын K-MARATHON 2026 марафонына қатысуға шақырады.

Іс-шара Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы халықтары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға, сондай-ақ салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған.

📅 Өтетін күні: 2026 жылғы 2 тамыз (жексенбі)
🕡 Қатысушылардың жиналуы: 06:30
📍 Өтетін орны: Астана қаласының Орталық саябағы
📍 Жиналу орны: «Қазақстан Күні» монументі (сағатты стела), Тұран даңғылы жағынан, монументтің оң жағындағы автотұрақ алаңы
🏃 Қашықтық: 6 км

📌K-MARATHON 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

06:30–07:30
Жарыстың ашылуы. Қатысушыларды тіркеу
07:30–07:35
Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің құттықтау сөзі
07:35–07:45
Жалпы қыздыру жаттығулары
07:45–07:50
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама
07:50–08:00
Стартқа сапқа тұру
08:00
K-MARATHON 2026 жүгіру жарысының жалпы старты
09:15–09:35
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі
10:00
Жарыстың жабылуы

🏅 Мәреге сәтті жеткен барлық қатысушыларға алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне орай шығарылған естелік медаль табысталады.

🎁 Іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар лотереясы өткізіледі.